Рет қаралды 56,639
Биыл - Жаңаөзендегі қайғылы оқиғаға жеті жыл. Тікелей эфирде сол оқиғалардың бүгінгі салдарын, сипатын, зерттелуін Рысбек Сәрсенбайұлымен талқылап жатырмыз.
2011 жылғы желтоқсанның 16-сында Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында полиция бірнеше ай бойы ереуілдеп тұрған мұнайшыларға қарсы оқ жаудырып, күшпен таратқан. Ресми есеп бойынша, Жаңаөзен оқиғасы кезінде Жаңаөзен қаласы мен Шетпе станциясында болған ереуіл мен толқу кезінде 17 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған.
"Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып бойынша 37 адам сотқа тартылып, оның үшеуі толық ақталып шықты. 21 адам шартты түрде, ал 13 адам үш жылдан алты жылға дейін сотталған болатын. Кейін Қазақстан үкіметі жараланғандарға 500 мың теңге, ал оққа ұшқандардың отбасына бір миллион теңге өтемақы төлеген еді. Кейбір оқ тигендер арасында бұл ақшаны алмағандар да бар.
Жаңаөзен оқиғасынан соң мұнайшылар және "қызметін асыра пайдаланғаны үшін" жазаға тартылған кіші шенді полиция қызметкерлерімен қатар бірқатар қоғам белсенділері, саясаткерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, түрмеге қамалды.
Бізге жазылыңыздар:
Фейсбук: / azattyq
ВК: azattyq...
Твиттер: / azattyqradiosy
Телеграм: telegram.me/az...