Рет қаралды 272,262
Қаңтардағы дүрбелең кезінде жараланған 31 жастағы Ақжол Жандарбеков Алматыдағы СИ-18 мекемесінде қамауда отыр. Шабына оқ тиіп, ауыр операция өткергеніне қарамастан, оны екі күннен соң ауруханадан ұстап әкеткен. Әпкесінің сөзінше, інісі азапталған. Денсаулығы әр кездесу сайын нашарлап барады. Бірақ прокуратура оны үйқамаққа жібермей отыр.
www.azattyq.or...