Рет қаралды 2,435
Адамды клондау тақырыбы ғылымда 1960-жылдардан бері талқыланып келеді. Бірақ клондауға талпыныс одан ертерек басталды. Кей ғалымдар бұл адамзат болашағы үшін қажет технология екенін алға тартса, тағы бірі адамның жасанды биологиялық көшірмесін жасау қоғамда теңсіздік тудыратынын айтып қарсы болды. АҚШ-тағы Мичиган университетінде адам жасушасындағы өзгерістерді зерттейтін қазақ ғалымы Дүбек Қазыкен адамның биологиялық көшірмесін жасауға ғылым қауқары жетеді дейді. Бірақ ол этика стандарттары клондау технологиясының дамуына жол бермейтінін айтады. Одан қалса, көшірілген биологиялық дененің мутация салдарының қазіргі ғылымға белгісіз тұстары көп. Сондай-ақ, мұның саяси-әлеуметтік тұсы да бар. Мысалы, қоғамда адамды клондауға рұқсат берілсе, клондарға статус беру, олардың қоғамдағы рөлі секілді өзге де мәселелер туындайды.#migrantmediacentralasia
Бізге жазылыңыздар:
Facebook: / azattyq
Instagram: / azattyq
KZbin: / азаттык
Twitter: / azattyqradiosy
Tiktok: / azattyq.org
Telegram: t.me/azattyq