Рет қаралды 40,830
Өткен айда Астанадағы орталық «Шапағат» базары өртеніп, жұрт назарын аударды. Shishkin_like арнасы базардың меншік иесінің күмәнді жолмен - бағасы арзандатылып мемлекеттен жекеге өткенін жазды. Содан кейін мемлекет балансына қайтарылған. Оның құрылтайшыларының бірі экс-депутат Бекболат Тілеуханның әпкесі, екіншісі - бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қызы. Қызық тұсы - сол құрылтайшылар базарды қазір қайта иеленіп отыр. Сот та, басқа органдар да мұның себебін түсіндірген жоқ.