Рет қаралды 206,875
Қазақстанның оннан аса облысында қарғын су елдімекендерге жайылып, тұрғындарды әбігерге салды. Кейбір ірі қалада су көшемен ақса, Ақтөбеде әуежай жұмысына кедергі келтірген.
Астана іргесіндегі Қояндыда қарғын судан зардап шегіп отырғанын айтып 26 наурыз кешке наразылық білдірген тұрғындардың кейбірін полиция ұстап әкеткен. Әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты басталды. Алғашқы күні алқабилер іріктеліп, айыптау актісі оқылды. Бишімбаев айыптарды мойындамайтынын қайталады.