Рет қаралды 18,144
Қазақстанда АЭС туралы референдум өткен күні дауыс беру жәшігіне топтап бюллетень салып жатқан адамның видеосы әлеуметтік желіде жаппай тарап кетті. "Ұлы көш" қоғамдық қорының тәуелсіз байқаушысы Берік Әбенов видеоны Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы №456 референдум учаскесінде түсіргенін айтты. Аумақтық референдум комиссиясы оны "бұрын түсірілген видео" деп жоққа шығарды. Бұдан соң екі жақ та үнсіз қалған. Азаттық Factcheck.kz-пен бірге осы видеоға фактчек жасады.