Рет қаралды 221,089
Қытай компаниясы игеруді қолға алады деп күтілген, әлемдегі ең ірі вольфрам кен орындарының біріне жақын орналасқан Жоғарғы Қайрақты ауылының бүгінгі тұрмысы қалай?
--
«Қытай келсе…» Вольфрам кен орны маңындағы ауылдың бүгінгі келбеті
Қазақстан Қарағанды облысындағы вольфрам кен орнын игеруге Қытайдан компания шақырды. Бұл компания әлемдегі ең ірі үш кәсіпорынның бірі саналады. Азаттық тілшілері сирек кездесетін металдың мол қоры шоғырланған кен орнына жақын орналасқан ауылға барып, тұрғындардың өңірге Қытай инвесторының келуіне қалай қарайтынын біліп қайтты.
Жоғарғы Қайрақты ауылы - Қазақстандағы халқының басым бөлігі көшіп, күйі кеткен көп елдімекеннің бірі. Қазақстанда советтік кезеңде пайдалы қазбалар табылған орынға жақын маңда құрылып, құрлықтың алтыдан бір бөлігін алып жатқан одақ ыдыраған соң ахуалы нашарлаған осыған ұқсас ондаған ауыл бар.
Пайдалы қазбаларға бай Қарағанды облысындағы осы ауылдың бұрын төрт мың тұрғыны бар еді. Олардың көбі тау-кен байыту зауытында жұмыс істеген. Ол зауыттардың көбі 90-жылдары жабылып қалған. 2009 жылғы халық санағы кезінде Жоғарғы Қайрақты ауылында 250 адам тұрған. Қазір мұнда алты үй қалған. Ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен күнелтеді. Олардың кейбірі көршілес Ағадыр ауылына барып жұмыс істейді.
Алдағы жылдары ауыл өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Қазақстандық ұлттық компания Қытай серіктесімен бірге ауылға жақын орналасқан екі вольфрам кен орнын игеруді жоспарлап отыр. Нұр-Сұлтан «Қытай Қазақстанда жоқ технологияны әкеледі» деп түсіндіреді. Қазақстан бұл қадамға елде Қытай инвестициясына қарсылық ушығып тұрған тұста барды. Биыл қыркүйекте елдің бірнеше қаласында Қытай жобаларына қарсы наразылық шаралары өткен.
ҚАЛҒАНДАР МЕН КӨШКЕНДЕР
Облыс орталығы Қарағандыдан Шет ауданындағы Жоғарғы Қайрақты ауылына дейін 200 километр. Жолға шамамен үш сағат уақыт кетеді. Аудан орталығы Ақсу-Аюлыдан ауылға дейінгі жолдың сапасы нашар, шұрқ тесік тұстары көп. Айнала сұрқай-қызғылт тартқан тасты төбешіктерден тұрады. Ауылға жақындап келеміз. Алыстан осы өңірдегі ең биік Басала төбесінің етегінде орналасқан қорапқа ұқсас көпқабатты үйлердің сұрқай бейнесі көзге түседі.
www.azattyq.or...
Бізге жазылыңыздар:
Фейсбук: / azattyq
ВК: azattyq...
Твиттер: / azattyqradiosy
Телеграм: telegram.me/az...