Рет қаралды 24,789
AzattyqLIVE тікелей эфирінде жаңа жыл мерекесі кезінде Қарағандыдағы мейрамханада болған төбелес, жанжал салдары, оқиғадан кейінгі қоғамдық дау мәселесі талқыланбақ. Бұған қоса соңғы күндердегі маңызды оқиғаларға да шолу жасалады. Хабар сарапшысы - саясаттанушы Дос Көшім.
Жаңа жыл түні Қарағандының "Древний Рим" мейрамханасында болған жаппай төбелестен 23 жастағы Рақымжан Жансейіт пышақ жарақатын алып, көз жұмған. Жараланған үш адам ауруханаға жеткізілген. Олардың біреуі жан сақтау бөліміне түскен.
Кейін әлеуметтік желіде "төбелесті армян жігіттер бастады" деген ақпарат тарады. 2 қаңтар күні төбелес болған жерге ондаған адам жиналып, мейрамхананы жабуды, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етті. Адамдар жиналған маңда полиция күзеті де күшейді.
6 қаңтар күні жүздеген адам Қарағанды орталығына жиналып, кісі өлтірген адамды ұстауды талап етті. Наразыларға Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов шығып, "әкім ретінде, президенттің өкілі ретінде де" істің соңына дейін тексерілетінін айтып, уәде берді.
Қарағандыдағы оқиға әлеуметтік желіде өте қызу талқыланды. Оқиға не үшін қоғамда даулы тақырыпқа айналды? Адам өлімі болған мейрамханаға ертеңіне жиналған ондаған адамның, қаңтардың 6-сында әкімдікке жиналған жүздеген жанның талабы не болды? Бұл оқиғада ұлтаралық араздық мәселесі байқалды ма? Ұйымдастырушылар бар ма? Қоғамдағы мұндай даулар кімге тиімді? Кикілжіңдер мен әлеуметтік шиеленістерді шешудің қазақстандық үлгісі қандай?
Осы және өзге де маңызды оқиғаларға қатысты сауалдарға саяси сарапшы Дос Көшім жауап береді.
Бізге жазылыңыздар:
Фейсбук: / azattyq
ВК: azattyq...
Твиттер: / azattyqradiosy
Телеграм: telegram.me/az...