Рет қаралды 256,734
29 желтоқсан күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бекболат Тілеухан қызметінен мерзімінен бұрын босатылды. Жиында Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Тілеуханның Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті болып тағайындалғанын айтты. 2004-2021 жылдар аралығында төрт шақырылымның депутаты болып үлгерген Бекболат Тілеухан осы айдың басында Азаттық тілшісінің Арон Атабек туралы сауалына "Адам қай тілде сөйлесе, сол тілде жүрегі соғады... Ол - орыс мәдениетінің өкілі" деп жауап берген.